25.04.2016, 16:57
Оқылды: 19

Шыңғырлауда 11 мекеме пандус орнатпақ

Shingirlau mekeme pantus ornatpak     Шыңғырлау ауданы көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек-қолдау көрсету күн тәртібінен түскен емес. Жергілікті мекеме-ұйым басшылары мен кәсібін дөңгелетіп отырған қалталы жандар атаулы күндерден басқа уақыттарда қаржылай көмек, ізгі бастамаларымен қарайласып келеді. «Нұр Отан» партиясы бекіткен «Кедергісіз келешек» бағдарламасы да осы бағыттағы жұмыстардың жандануына септігін тигізіп келеді.


     Көмек, әлеуметтік қолдау дегенде мүгедек ждандарға  қолжетімді көмектер көрсету бағытында мекемелерге еркін кіріп-шығулары үшін пандустар орнатудың жөні бөлек. Өткен жылы осы мақсатпен аудан орталығы мен мектептер бойынша 14 пандус орнатылған. Ал үстіміздегі жылы 11 мекеме осы жұмысты бастауы қажет. Пандустарды стандарт пен талап шеңберінде орнату туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айбек Сұлтанов айта келе, өткен жылы мектептерде жасалған пандустардың талап шеңберіне сәйкес келмегендігін, сол олқылықтың орнын жоя отырып, алдағы жасалар жұмыстар барысында қатаң ескерілуі қажеттігін айтады.

      Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар көп баратын мекемелер төңірегіндегі пандустарды орнату кезінде осыны ескерген дұрыс болмақ.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале