20.04.2016, 16:24
Оқылды: 30

Шыңғырлаулық кәсіпкерлер көкөніс өсіруді қолға алуда

  Kokonis osiru    Шыңғырлау ауданы көкөніспен өзін-өзі қамтамасыз етуді мықтап қолға алып отыр. Жыл сайын белгілі кәсіпкер А.Рудь картоп және бақша өнімдерін егумен айналысып, күз мезгілдерінде халықты көкөніспен қамтуға ұмтылып келеді.


      Әйткенмен, бұл аудан жұртшылығын қамтуға аздық еткенді. Енді міне, үстіміздегі жылғы көктемде табиғаты әсем, жері құнарлы Сегізсай ауылы аумағында  жергілікті кәсіпкер Е.Жүгінісов («Ахан» ШҚ) 50 гектер жерге пияз, орамжапырақ, сәбіз, қызылша егуді қолға алып отыр. Бұған қоса «Ақтау» ШҚ да ( Е. Рамазанов) осы өңірдің құнарлылығына қызығушылық танытып, 20 га жерге картоп егуді бастамақшы. Ал жергілікті кәсіпкер А.Рудь болса енді  тек картоп егу бағытымен айналыспақ.

    Еңбектің өнбегі еңбекқорлықта жатыр. Ендеше, өзімізді өзіміз балғын көкөніспен молынан қамтитын шақ та алыс емес. Тек іске сәт дейміз!

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ботанова

 Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале