3.06.2015, 16:40
Оқылды: 17

Шыңғырлаулық түлектер үмітті ақтады

altin belgiЖүректерді лүпілдетіп, көңілдерді күпті еткен, оқушыға да,  ата-анаға да ұйқы бермеген Ұлттық Бірыңғай Тестілеу де өз мәресіне жетті.

Ақсай қаласындағы  №4 мектепте бақтарын сынаған шыңғырлаулық түлектер он бір жыл бойы алған білімдерін сынға салды.

Нәтижесінде аудан бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер Л.Қылышев атындағы орта мектептің  түлегі Жазира Файзуллина 113, ал А.Тихоненко атындағы Лубен орта мектебінің оқушысы Ұлан Кеңес 105 балл жинап, үмітті ақтады.

Аталған мектептердің оқушылары жыл сайын ұстаздарының ізденіске толы еңбектерін дәлелдеп қана қоймай, өздерінің де тиянақты дайындықтары мен терең білімдерін көрсетіп келеді.

www.zhaikpress.kz

Гүлім Шынтас

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале