28.05.2016, 15:58
Оқылды: 41

Шыңғырлау ауданына жаңа басшы тағайындалды

Shingirlau akim    Бүгін облыс әкімі  Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Шыңғырлау ауданында болды. Сапар барысында аймақ басшысы ауданға тағайындалған жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Жаңа аудан әкімі болып, бұған дейін осы ауданның әкімінің орынбасары қызметін атқарған Альберт Темірболатұлы Есалиев тағайындалды.


   Жаңа басшыны таныстыру сәтінде Алтай Көлгінов бұған дейінгі осы лауазымды абыроймен атқарған Алдияр Халеловқа  жемісті қызметі үшін алғыс білдірді. Бұл лебізді қуаттаған аудандық мәслихат депуттатары В. Петренко, Г.Бисенғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Сәмиев, ҰОС-ның ардагері С.Ығылманов, ауданның «Құрметті азаматы» Б.Сапаров қариялар алғыс білдірісті.

   Бұдан соң жаңа тағайындалған әкім таныстырылып, алдағы еңбек жолына сәт-сапар айтылды. Бұл құттықтауларға аудандық мәслихат хатшысы Г.Волкогон өз пікірін қосып, аудан жұмысында жан-жақты қолдау танытатындықтарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале