28.09.2015, 19:59
Оқылды: 26

Шыңғырлау ауданында аламан бәйге өтті

Shingirlau alaman baige01   Аудан күніне орай ұйымдастырылған  бұл бәйгеге облысымыздың  бірнеше аудандарынан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан  сәйгүліктер келді. Бұл шараның қамтылу ауқымының  кеңейгенін   танытса керек.

Шыңғырлау жеріндегі  бәйгені  көпшілік асыға күтті. Автокөліктен бастап, жылқы, қомақты қаржының тігілуі де ұлттық өнеріміздің  мәртебесін  көтергені  мәлім.  Тіркеуден өткен бәйге аттары  тықыршып белгі күтуде. Бәйгеде 9 шақырымдық үш айналымнан тұратын жарыс нәтижесінде   Атырау облысының  Индер  ауданы Өрлік ауылынан келген  Сұлтан  Нигымовтың бағы жанды.  Бас бәйгеге  жылқы берілсе, екінші  орын шыңғырлаулық  Мирас Темірболатовқа, үшінші орын   Қарағаштан келген Болат Макимовқа  беріліп, оларға қомақты қаржы ұсынылды.

Сондай-ақ, 8 айналымнан тұратын аламан бәйгеге кезек келді. Бұл жарыста шыңғырлаулық атбегі Нұрболат Ақпанов бас жүлдеге ие болса, екінші  болып, ақтөбелік  Дәулет  Ермағамбетовтың  сәйгүлігі, үшінші  болып    белогорлық   Тыныштық Иманғалиевтың  күрең айғыры  мәре сызығын кесіп  өтті.

Торатыбасымен тұғырлы  Аққұмымен  арайлы,  Сарқырамасымен сәнді, Елегімен еңселі  Шоқайтерегімен шырайлы  елдегі аудан күніне арналған той  аяқталды.

Шараны қорытындылаған аудан әкімі  бәйге  жеңімпаздарын марапаттады.

Бас бәйге иегері Нұрболат Ақпановқа  Алдияр Сансызбайұлы  автокөлік кілтін табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале