26.08.2016, 10:54
Оқылды: 50

Шыңғырлау ауданында «Ақ орамал » акциясы аясында шара өтті

Шынгырлау «Ақ орамал » акциясы аясында   Республика көлемінде ұйымдастырылып  отырған «Ақ орамал» акциясы  Шыңғырлау ауданында да  түрлі  іс-шаралар аясында жүзеге асуда. Идеологиялық  маңызы зор, сонымен қатар, ел бірлігіне, татулыққа, отбасы құндылықтарын  құрметтеуге, еліміздің өткенін жас ұрпаққа жеткізуге негізделген   акцияға көпшілік үлкен  мән бере отырып,  оның өтуіне көп болып  үлес қосуда.


   Кеше аталмыш акция аясында  аудандық мешітте  бас имам Ерденбек Ихсанов шаңырақ көтеріп отырған Тлектес Жолдығалиевтың, Елдос  Оразғалиевтың некесін қиып, жас жұбайлардың   жанұяларына  неке куәлігін  салтанатпен табыс етті. Осы рәсімге арнайы келген «Алтын алқа» иегері, ардақты  ана  Жаңыл Есенова әжеміз  жаңа түскен жас келіндер - Самал Жолдығалиеваға, Гүлнұр  Оразғалиеваға  ақ орамалтарту етіп, оның қадір-қасиетін айтып берді. Жас келіндердің майдайларынан сүйіп, ақ орамал тартып берген абзал ана оларға өзінің жүрекжарды тілегін арнап, өмірдің белесі - отбасылық өмірге  ақ жол тіледі.

  Ия, өмірдің ыстық- суығын көрген, ұрпақ өсіріп, ұядан талай білімді азамат мен азаматшаларды  тәрбиелеп ұшырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне де үлес қосып отырған  қадірменді ана қолынан  ақ орамал сыйға алған  жас жұбайлар да разылық білдіріп, үлкендердің сенімдерін ақтауға уәде етті.

Айсұлу  Мұса

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале