12.01.2016, 18:33
Оқылды: 17

Шыңғырлау ауданында жаңа нысан ашылды

Shingirlu baris sauda ortaligi   Шыңғырлау ауданы өмірінде тағы бір игілікті қадамның тұсауы кесіліп, жеке кәсіпкерліктің жаңа нысаны өз  ісін бастады. Жеке кәсіпкер Ақдәрі Ботанова аудан тұрғындарына жаңа «Барыс» сауда орталығының қызметін ұсынды. Сауда орталығы аудан орталығындағы сауда нүктелерінің маңынан орын алып, тұрғындардың барыс-келісіне ыңғайлы орналастырылған.


Жабық сауда орнының іші жылы, кең және жарық.  Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан жұртшылығы жиналып, аудан әкімі А.Халелов игілікті істің болашағына сәт тіледі. Дағдарыстың белдеп тұрған тұсында халыққа жаңа қызмет көрсету орнын ұсынып, сәйкесінше бірқатар аудан тұрғындарын жұмыс орнымен қамтып отырған кәсіпкер ханымға алғыс білдірді. Аудан өңірінде мұндай жақсы істердің көптеп орындалып жатқанын тілге тиек ете отырып, алдағы уақытта осындай отбасылық бизнес одан әрі өркен жая түссе нұр үстіне нұр боларын атап өтті.

Нысанның лентасын А.Халелов пен Б.Сапаров қиып, тәттілерден шашу шашылды, жиналған жұртшылық жаңа сауда орталығының ішкі сәнімен танысты. Арнайы сауда шаршыларына бөлінген ауқымды ғимарат ең бірінші «ұядай» жылылығымен баурады. Алғашқы сауда өкілдері орналасып үлгерген ғимаратта сауда ісі басталып та кетті. Жаңа нысаннан орын тепкен сауда ісінің қызметкерлері Шыңғырлауда халықтың тұруына, еңбек етуіне, өмір сүруіне барлық жағдай жасалып отырғандығын, талаптанғанға жаңа бизнесін ашып, нақты қолдаулар, көмектер алуына қолжетімді мүмкіндіктің молдығын айтады.

Сауда орнының иесі, кәсіпкер Ақдәрі Қыдырәліқызы аудан жұртшылығына жылы жерден, күнделікті қажетті тауарларды ұсыну мәселесіне өз үлесін қосатынына қуанышты екенін жеткізді. Сапалы қызмет басты мақсат болып қалатынын айта келе, осы жобаның іске асуына «Даму» бизнесті дамыту қорынан 6 млн. теңге көлемінде қаржы нссие алғанын және бұл істе нақты көмек-қолдау көрсеткен аудан басшылығы мен кәсіпкерлік бөлімінің ұжымына, мердігерлік қызметін ұсынған «Мансур» ЖШС мен ғимаратты салып шыққан Ермұхан Таңатовтың құрылысшылар ұжымына шынайы алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале