25.11.2015, 12:26
Оқылды: 25

Шыңғырлау ауданында өткен волейбол турнирі

Shingirlau voleibol   Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің әкімі болған  Серік Төлегенұлы Есболатовты еске алуға арналған  волейбол турнирі өткізілді.

Бұл турнирге Шоқтыбай, Правда, Қызылкөл ауылдарының командалары қатысты. Жарыс аса тартысты өтті. Командалар құрамында ересектер мен жоғарғы сынып оқушылары өнер көрсетті. Әр ойында да спортшылар белсенді қимыл көрсетіп, әдемі ойын өрнегін сала білді. Жарыс қорытындысы бойынша Правда бірінші, Шоқтыбай екінші, Қызылкөл үшінші орынды иеленді.


Жарыстың жабылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Уржанов, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Ғ.Жұмағазиев, аудандық мәслихат депутаты А.Шотпанов сөз сөйлеп, Серік Төлегенұлы туралы естеліктерімен бөлісті.

Осы шараға арнайы шақырылған С.Есболатовтың жары Ғалия Маратқызына сый-сияпат жасалынды. Өз кезегінде Ғалия Маратқызы ұйымдастырушы-ларға алғыс сезімін білдірді.

Жарыстың үздік ойыншылары аталымын иеленген Қанат Арықбаевқа, Ғалымгерей Шонаевқа, Ерболат Төлеушовке мақтау қағаздары табыс етілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар иеленді.

Сонымен қатар жеңімпаз команда мен аталым иелеріне «Серпін» газетінің редакторы А.Танабайұлы 2016 жылдың бірші жартыжылдығына газетке тегін жазылу түбіртегін табыстады.

Бірлігі жарасқан ауылдардың алдағы уақытта да жарқын шаралары көп болатынына сенім мол.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале