13.06.2016, 10:56
Оқылды: 17

Шыңғырлау ауданының жаңа басшысы жұртшылықпен жүздесті

Shingirlau audan akimi jyrtshilikpen kezdesti  Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев ауданның селолық округтерін аралап, елді-мекендердің тыныс-тіршілігіне қанықты. Жуырда тағайындалған аудан басшысының ауылдарға алғашқы жұмыс сапары Алмаз селолық округінің Сегізсай елді-мекенінен басталды.  Ауданнан 110 шақырым қашықтағы Сегізсай ауылының басты артықшылығы көрікті табиғаты, құнарлы жері және «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан географиялық орны болатын. Енді бұл артықшылықтар қатарын табиғи көгілдір отынға қосу да толықтырмақшы.

   Бүгінде шағын ауылдың  шырайын келтірген заманауи үлгідегі жаңа мектеп те, әлеуметтік мекемелер қатарындағы ауыл кітапханасы да, дәрігерлік пункт те газ отынына қосылады. Қазіргі уақытта аталған мекемелердің жылу қазандықтарының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындары да бұл игілікке қуанулы.

   Аудан әкімі осы жағдайларды өз көзімен көріп, аралап өтті. Ауыл өміріне қанығып, тұрғындармен кездесті. Өзі де жұртшылықпен таныса отырып, аудандағы бүгінгі жүргізіліп отырған ілкімді жұмыстармен таныстырды, ауыл тұрғындарын мазалайтын сұрақтары, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. 40 түтіні, 180 адамы ауылдың бірқатары мектеп, кітапхана, мед пункт мекемесінде жұмыспен қамтылса, бірқатары кәсіпкерлікке, жеке мал шаруашылығына бет бұрған. Енді бүгінгі таңда газбен қамту жұмысына орай жылу қазандықтарының операторларының қажеттілігі туындаған тұста ауылда бір-бірде жұмыссыз отырған отбасы болмасын, ең болмаса бір адам отбасында жұмыс істетйін болсын, қазандықтар операторлығына да осындай отбасында жұмыс жоқ жандар қатарынан тартылсын деген қатаң тапсырма берді аудан басшысы. Ауылдың басты мәселелері тұрғысында жол қиындығы, ауыл маңында тұрғындардың жеке малына жайылымдық жердің қажеттіліг, сондай-ақ,  шалғай отырған ауылға көліктің керектігі айтылды.  Аудан әкімі ауданмен арадағы 110 шақырымдық жол аралығының күрделі жөнделуі жұмысының әзірге болмайтынын, бұған бүгінгі таңда облысымыз бойынша аудан орталықтарын облыс орталықтарына қосатын облыстық деңгейдегі жолдардың жөнделіп жатырғандығы себеп болып отырғандығын, дегенмен, облыстық Жол басқармасымен келісе отырып, жайылып, сәні кеткен аталмыш жолдардың жиектері көтеріліп, қиыршық құм мен шағыртас төселіп, ағымдық жөндеулер жүргізілетінін мәлімдеді. Көлік мәселесінің алдағы жылдың бюджетінде ескерілетінін жеткізген аудан басышысына ауыл тұрғындары жаңа қызметте сәттілік тіледі.

   Бұдан соң Альберт Есалиев елді-мекендегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, бау-бақша егілген алқапта болды.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале