2.07.2016, 9:11
Оқылды: 28

Шыңғырлау ауданының әкімдігі аудан мешітінде ауызашар берді

Screenshot_2016-07-02-08-58-29-1Алла разылығы үшін ауыз бекіткен аудан жамағатына арналған сауапты шара айлардың сұлтаны-Ораза Рамазанның аса қадірлі саналатын –Қадір түнімен тұстас келді.


Мешіт алдындағы арнайы киіз үйде ұйымдастырылған ауызашарға аудан әкімі Альберт Есалиев қатысып, мұсылман ағайынға амандық, елге бірлік, қоғамға тыныштық, жылға береке, әр отбасыға ырыс тілеп: "Алла разылығы үшін тұтынған ораза-ниет қабыл болсын!"- деп құттықтады.
-Әр адамның тілегі - отбасы амандығы, денсаулық, ел тыныштығы. Сол тілегіңізді Алла қабыл етсін!- деген аудан басшысына, жиналғандар алғыс айтысты.

Мешіттің бас имамы Ерденбек Ихсанов, аудан тұрғыны, дін-Исламға көзі ашық қария Сапарғали Ердібеков ізгі ниетті істі ұйымдастырушы аудан басшылығына рахмет айта отырып, мұсылманға сүйікті іс - адалдық, елді, ата-ананы, құдайды сүймек және тыныштыққа шақыру болмақ екенін атап өтті. "Жастарға үлгі сөз айту, дұрыс сөйлеп, жөнді пайымдау, кішіні жақсыға тәрбиелеу үлкеннің міндеті, балаларымызға үлгі бола жүрейік",- деген ойларын жеткізді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) :«Әрбір игі іс - садақа» деген екен бір хадисінде, енді бірінде «Кім Рамазан айының оразасын шын иман және ықыласпен ұстаса, оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі»- дейді Әбу-Һурайрадан (р.а) жеткен тәмсіл. Берген садақа мен ұстанған ниет, ораза қабыл болсын!

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале