8.09.2016, 16:07
Оқылды: 17

Шыңғырлау ауданының әкімі жастармен кездесті

%d1%88%d1%8b%d2%a3%d2%93%d1%8b%d1%80%d0%bb%d0%b0%d1%83-%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%99%d0%ba%d1%96%d0%bc%d1%96-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%bd     Осы жылдың  7 қыркүйегінде Шыңғырлау ауданының әкімі  Альберт  Есалиев ауданның жастарымен жүздесіп, емін –еркін әңгімелесіп, жастардың өтініш-тілектерін  де тыңдап, ақыл-кеңестерін  берді. Кездесуде   Шыңғырлау  аудандық  жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық  орталығының директоры А.Хаиров баяндама жасап, атқарылған істеріне есеп беріп, жастардың хал-ахуалымен де таныстырып өтті.


   Жастар жетекшісінің айтуынша 15 мыңға жуық халқы бар ауданнның 3500 ге жуығы  28  жасқа  дейінгі жастар екен. Бүгінгі  таңда жастардың көпшілігі  мемлекеттің  қолдауын көріп, жұмыспен, баспанамен қамтылған , әсіресе  ауданымызда  «Дипломмен -ауылға»  бағдарламасы бойынша үй алып, жас отбасылар саны да жылдан жылға көбеюде екен. Жастармен жұмыс жақсы жолға қойылған, біршама жұмыстар атқарылып, жастар белсенділігі  артқан.Жастарымыз кәсіпкерлікке де ден қойып мемлекеттік қызметке  орналасу пайызы жоғарлаған .Жастар әсіресе, ауданның  саяси, мәдени,қоғамдық жұмыстарына   ат салысуда.

         Айта кету жөн, әкіммен кездесуге  жастарымыз  көптеп жиналып,  аудан әкіміне қояр  сұрақтары да біршама  болды.Кездесу соңында аудан әкімі барлық қойылған мәселелердің шешімі болатындығын , ал жастар тарапынан  түскен ұсыныстарға да үлкен мән  берілетіндігін айтты.

Айсұлу Арыстанова

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале