26.09.2015, 16:12
Оқылды: 39

Шыңғырлау ауданы жұртшылығы Құрбан айт күнін қарсылады

Shingirlau Kyrban ait    Барша қазақстандықтармен бірге аудан жұртшылығы Құрбан айт күнін қарсылады. Биылғы жылы Құрбан айттың басталуына сай орталық мешіт ауласына киіз үй құрылып қойылды. Шыңғырлау колледжі  директоры С.Жұмағұлов жасақтаған киіз үй ақ шағаладай жарқырап ерекше сәнді көрінеді. Айт мерекесімен халқымызды аудан әкімі Алдияр Халелов құттықтап, жиналғандарға бірлік, береке, имандылық тіледі. Бас имамымыз Ерденбек Ихсанов құран оқып, құрбан айт туралы, құрбан шалу тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Халық өте көп жиналды. Имандылыққа бет бұрған жандар санының өсуі қуанарлық жағдай. Биыл жерлестеріміз мешіттің ауласында құрбан шалу мүмкіндігіне ие болды.

Ауданымыздағы ірі шаруашылықтың басшысы Мирболат Тасмағанбетов құрбандыққа түйе әкеліп сойды. Отбасы мен ұжым мүшелері атынан бағышталған құрбандық түйе де мейрамның қадірін арттырғандай болды.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале