21.09.2015, 18:05
Оқылды: 14

Шыңғырлау ауданы үшінші орында

ZH  Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадионда Президенттік тест тапсырудың облыстық кезеңінің жарыстары өткізілді. 1000-ға жуық қатысушысы бар 13 команда жарыс  көрігін қыздырды. Тұрғындарды салауатты өмірді қалыптастыруға жұмылдыруды мақсат еткен жарыс спорттың 7 түрінен өтті.

Шыңғырлау ауданы спортшылары осынау дүбірлі додада жүлделі үшінші орынға ие болды.

Команда сапындағы Бекзат Сапарғалиев, Райымбек Климов, Екатерина Рудь, Бауыржан Көпешов, Нұрсұлтан Тәжиев, Зауреш Ажимовалар тамаша өнер көрсетті.

Команда жетістігіне жаттықтырушылар Қ.Шопенов пен Ж.Лесов көп еңбек сіңірді.

www.zhaikpress.kz

А.Тағаниязов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале