20.04.2016, 16:21
Оқылды: 27

Шыңғырлау ауданы әкімі баспасөз өкілдерімен кездесті

  Shingirlau baspasoz    Сәрсенбі күні Шыңғырлау ауданы әкімі Алдияр Халелов  «Серпін» газеті редакциясының ұжымымен кездесті. Басқосу барысында аудан басшысы бүгінгі күн тәртібінде тұрған басты мәселе - ауылдар мен аудан орталығындағы тазалық жұмыстары, көгалдандыру мен абаттандыру, халықпен осы тақырыптар тұрғысында тығыз байланыста жұмыс істеу туралы әңгіме-дүкен құрды.


    Алдияр Сансызбайұлы аудан ажарын ашу тұрғындардан бастау алу керек, солардың белсенділігін  үндей отырып, ұшқыр қалам иелері әрбір көңілге кірбің түсіретін жәйттарды ашық жазып, сынға алу қажеттігіне де баса назар аударды.

     Аудан әкімі алдағы атқарылмақ жұмыстар легінен хабардар ете отырып, қай уақытта да ақпарат құралы өңіріміздің гүлденуі мен жетістіктерге жетуі жолында ізденіспен жұмыс істейді деген сенімін білдірді.

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале