18.04.2016, 17:21
Оқылды: 36

Шыңғырлау ауданы әкімі жастармен жүздесті

 Shingirlau audan bashisi jastarmen     Жастармен өткен кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анар Садықова кіріспе сөзбен ашты. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан жастары ресурстық орталығының басшысы А.Хаиров, жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Э.Хабдолов баяндама жасады. Жыл басынан бері Шыңғырлау, Л.Қылышев атындағы ОЖББМ, Шыңғырлау колледжімен, аудандық орталық ауруханасымен, БҚО кәсіпкерлер палатасының Шыңғырлау аудандық филиалымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, жұмыстар атқарылуда.


    Жиынға қатынасушылар алдында аудан әкімі Алдияр Халелов сөз сөйлеп, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, алдағы мақсат-міндеттер туралы жан-жақты мәлімет берді. Болашақта атқарылатын шаралардың басында жастардың да болатынына сенім білдіріп, табыстар тіледі.

    Кездесуде әр түрлі сұрақтар қойылды. Жас ұстаз Ж.Зданова жастарға қамқорлығы үшін аудан басшысына алғысын айтса, Л.Орынғалиева бағдарлама бойынша үй алғанын атап өтті. Ал ұстаз Ә.Туғарисова  мұражай қажет екендігін айтса, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Жаналиева дарынды балаларға арналған гимназия туралы сұрақ қойды.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале