19.06.2015, 20:41
Оқылды: 56

Шыңғырлау халқы да бұл күні ауыз бекітіп, отыз күн ораза ұстауда.

ZH Қасиетті Рамазан айы маусымның он сегізі күні басталды. Шыңғырлау халқы да бұл күні ауыз бекітіп, отыз күн ораза ұстауда.

-Шыңғырлау аудан тұрғындарының көбі дерлік ораза ұстап, пітір садақа беріп, мешітке келіп ауызашар беріп, жамағатпен оқылатын тауарих намазына көп болып  қатысуда. Оразада отыз күн болса, осы айтулы күннің әрбіріне отыз түрлі сауап жазылады. Сондай-ақ Рамазан айы қарсаңында мешітіміздің алдына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Садықованың қолдауымен  қасиетті сөздер жазылған билбордтар ілінді,-дейді  бізбен сұхбат барысында  аудандық мешіттің имамы Е.Ихсанов.

www.zhaikpress.kz

                                                                                  Гауһар Әлібек

                                                                             Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале