28.09.2016, 10:28
Оқылды: 24

Шәкірттер жетістігі

%d1%88%d3%99%d0%ba%d1%96%d1%80%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80-%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%96%d1%81%d1%82%d1%96%d0%b3%d1%96  Орал қаласында қол күресінен (армрестлинг) 1998 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы облыстық ашык біріншілікке ауданымыздың спортшылары қатысып олжалы оралды.


Аталмыш жарысқа 7 команда, 170 спортшы қатысып,  жалпы 12 (ұлдар 8, қыздар 4) салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Қаратөбе ауданының намысын қорғай барған жас спортшылар қарсыластарына дес бермей, мықтылықтарын көрсетті.

Сайыс қорытындысында қыздар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде  Аягүл Әділова ІІІ орынға қол жеткізді. Ұлдар арасында 30 келі салмақта Дияс Октябрь І орын, 35 келіде  Дияс Жұмағали І орын, 40 келі салмақта Ермұрат Хамидолла І орынды иемденді. Ал,  55 келіде Айбек Қайыров ІІ орын, 75 келі салмақ дәрежесінде Сүйесін Құмаров ІІ орынды жеңіп алды.

45 келі салмақ дәрежесінде  Ержан Ерболат ІІІ орын, 55 келі салмақта Қуаныш Саламатов ІІІ орын, 75 келі салмақта Фархат Қалиев ІІІ орынды місе тұтты.

Жас спортшылардың жетекшісі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысанов.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале