29.04.2016, 18:14
Оқылды: 13

Ынтымақтастық меморандумы бекіді

Zelenov memorandum    «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы мемлекеттік және аймақтық этносаясатты іске асыру мақсатында аудандағы этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


     Айтулы шараға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық келісім Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер, «Ақ ниет» әжелер ансамбілі мен мектептерде құрылған «Достық» ұйымдарының жетекшілері қатысты.

    Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында дәстүрлі іске асырылатын шараның мақсаты этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты қолдаудың айрықша рөлін негізге ала отырып, қазақстандық патриотизм мен ел бірлігін, Қазақстан халқының тарихи-мәдени құндылықтарын сақтап, одан әрі дамыту, насихаттау болып табылады.

    Уағдаластыққа қол қойған аудандық ардагерлер Кеңесі, қоғамдық келісім Кеңесі, «Достық» мәдениет үйі жанынан жұмыстанып отырған «Калинушка», «Річенка», «Шатлык» этномәдени бірлестіктері мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруға, ұлттық бірлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылын жетілдіру туралы келісімге келді.

     - Ынтымақтастық меморандумы жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етуді, этносаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты нығайтуға үлес қосуды, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін одан әрі дамытуды, тарихи тәжірибеге және демократиялық нормаларға сүйенетін қоғамның негізгі құндылықтар жүйесін қалыптастыруды, аудан тұрғындарының саяси-құқықтық, әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін дамытуға қолдау көрсетуді, үкіметтік емес сектормен серіктестік қағидатын дәйекті жүзеге асырып, әртүрлі үндесу алаңдарын құруды, бұқаралық іс-шараларды бірлесе ұйымдастырып, «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында белгіленген қоғамдағы демократиялық мәдениет пен дәстүрді нығайтуды, барлық этностар мен этникалық топтардың мемлекеттік тілді үйренуіне қолдау білдіруді көздейді, - деген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров қоғам игілігі үшін атқарылатын қандай іске де партияның жоғары жауапкершілікпен атсалысуға мүдделі екендігін жеткізді.

     Шарада баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс ұлттық бірлікті қалыптастыру мақсатында ауданда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессиясындағы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің қабылдануын ерекше атап өтті. Өзге де сөз алған қатысушылар өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылуының маңыздылығына тоқталып, тараптарға табысты еңбек тіледі.

www.zhaikpress.kz

Нұрәлі Жапақ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале