31.05.2016, 17:16
Оқылды: 21

«Ынтымақ» депутаттық тобының отырысы өтті

yntymak Достық үйінде облыстық мәслихаттағы облыстық Ассамблеяның  «Ынтымақ» депутаттық тобының отырысы өтті. Жиынды ашқан облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов бүгінгі таңда қоғам талқысында жүрген үш тілділік жүйесіне, жер реформасына қатысты жайттарға тоқталды.


 

-Қазір «Қорғаушы» деген бір ұйым шығып, республикамызда 1 ғана тіл болуы керек деп жалаулатып жүр. Бұл біз сияқты көп ұлтты мемлекетке үйлеспейді. Оған Украинадағы жағдайды мысал ретінде келтіруге болады. Сол себепті мұндай арандатудан сақ болайық. Елбасымыз өз сөзінде тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекетімізде өмір сүріп жатқан бірде-бір ұлттың тіліне залал тимегенін, қайта олардың дамуына барынша жағдай жасалып жатқанын айтқан еді. Үш тұғырлы тіл саясатына барынша қолдау көрсетуіміз керек. Біздің қоғамда қазақ және орыс тілдерінің аясы кең. Енді ағылшын тілін меңгеруге барынша күш салғанымыз дұрыс. Себебі әлемдегі білім-ғылым, техника және өзге де салалардың тілі – ағылшынша. Жастарымыз заман көшінен қалмауы үшін бұл тілді меңгергені дұрыс,-деді Ғайса Қамидоллаұлы.

Жиын барысында облыстық ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесі мүшесі Василий Баев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов, армян этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Аветик Амерханян, Жайық-Орал казактары этномәдени бірлестігінің төрағасы Вячислав Солодилов, «Еднания» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Тарасенко мемлекеттік тілдің қоғамдағы, мектептердегі, балабақшадағы қолдану аясы және елімізде жер реформасына қатысты қолға алынып жатқан шаралар жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді.

Содан соң «Ынтымақ» депутаттық тобының шаралар жоспары бектіліп, топ жетекшісінің орынбасарлары сайланды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале