26.02.2016, 19:43
Оқылды: 22

«Ы.Алтынсарин-2016» олимпиадасы басталды

Laizzatt0001   Орал қаласындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бастамасымен «Ы. Алтынсарин – 2016» республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

    Аталмыш олимпиада университет ректоры Динар Нөкетаеваның бастамасымен республикалық деңгейде еліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Оған облысымыздың аудан-қала мектептерінен  110 оқушы қатысты. Олимпиада мектеп бітіруші қыздар үшін ҰБТ-ның 8 пәні бойынша өткізілді.


         Негізгі мақсаты білімді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, мамандық таңдауға көмектесу, дарынды талапкер қыздарды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне білім алуға шақыру. Олимпиаданың алғашқы айналымы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды облыстарында бір мезгілде, бір күнде ұйымдастырылды.

Олимпиада жұмысын орындағаны үшін ең жоғарғы балл – 100 болып есептеледі. Қатысушылардың аты-жөні шифрланып, орындаған жұмысы аты-жөнсіз тексеріліп, әдістемелік комиссияға өткізіледі. Комиссия анықтаған жеңімпаздар мен жүлдегерлер наурыз айында Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсіміне қатысатын болады.

ҚазМемҚызПУ-ға оқуға тапсыру барысында олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3-орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда жатақханамен, үш мезгіл ыстық тамағымен қоса (шәкіртақысыз) университет ректорының грантымен марапатталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен оқу жылы Орал қаласының 4 оқушысы олимпиада жеңімпазы болып танылған еді.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ 

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале