6.08.2015, 17:55
Оқылды: 32

Экологиялық апаттарға жол берілмейді

Ekologialik apattarga jol berilmeidi  Батыс Қазақстан облысында «Жайық өзені және «Қарашағанақ - Атырау» құбыры қиылысында мұнай конденсаты төгілген жағдай» тақырыбы бойынша Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің,  ҚПО б.в. компаниясының авариялық әрекет жасау және азаматтық қорғаныс құралымдарының, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті бөлімшелерінің қатысуымен бірлескен арнайы-тактиалық жаттығу өткізілді.

Жаттығудың ой-жоспары бойынша Қарашығанақ қайта өндеу кешенінің бас диспетчерлігінде «Қарашығанақ-Атырау» құбырында қысым төмендеуіне байланысты авариялық дабыл қосылды.

         Болған жағдай туралы жедел түрде «Қарашығанақ-Атырау» құбыры және Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшылығы хабарландырылады,мұнай тасымалдау тоқтатылды және желілік жапқыштар жабылды, сонымен авария орны шектетілді. Хабарландыру сұлбасы бойынша Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті және КПО б.в. авариялық әрекет жасау күштері мен құралымдары жоғары дайындыққа келтірілді.  

Өзен жағалауынан қауіпсіз жерді белгілеп, сәйкесінше қауіпсіздік белгілері, күзет орнатылды, сонымен қатар жанулардың алдын алу үшін өрт сөндіру автоцистернасы және өрт сөндіру қондырғылары жауынгерлік дайындыққа келтірілді, өзеннен мұнай өнімдерін жинау үшін қондырғылар, авариялық-құтқару құралдары, сорғыш материалдар және бондық бөгет тосқауылдар (мұнай өнімдерін бір жерге жинайтын қондырғы) дайындыққа келтірілді.        Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының 2 қайықтарының көмегімен № 35 кәсіби авариялық-құтқару бөлімшесінің өрт сөдіруші-құтқарушылары бондық бөгет тосқауылдарды орнатты, содан кейін қалдықтарды пайдаға асыру процедурасын ұйымдастыру мақсатында су аралас мұнай өнімдерін жинау және оны сорғыш насостармен арнайы ыдыстарға қүйу жұмыстарын жүргізді. Жаттығудың мақсаттары орындалды, Жайық өзені төменгі ағысы бойынша мұнай өнімдерінің таралуына жол берілген жоқ.

Жаттығуға барлығы 32 құтқарушы және 9 бірлік техника жұмылдырылды.

www.zhaikpress.kz

БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды

жою бөлімінің бас маманы

С. Сценцеренко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале