19.05.2015, 17:36
Оқылды: 55

«Экологиялық үздік бизнес жобалары»: бас жүлде Ақжайық ауданында

Akjayik ekologialik biznes joba okushiАлматы қаласында оқушылардың «Экологиялық үздік бизнес жобалары» атты байқауы ұйымдастырылды. Оған республика бойынша 128 жоба қатыстырылып, нәтижесінде соның 14-і іріктеуден өтті. Оның арасында Ақжайық ауданының Алғабас ауылдық округіндегі Жаңажол негізгі мектебінен технология пәнінің І санатты мұғалімі Медет Бисекенов пен шәкірті, 9 сынып оқушысы Мархабат Серіковтің «ЭКСПО алаңшасы» атты жұмыстары ең үздік деп танылып, бас жүлде мен грант иеленді.

Осы жобаны ұсына отырып, біз өз мақсатымызға жеттік. Өйткені біз электр энергиясының жаңа, экологиялық таза, арзан және тиімді көзін таптық. «ЭКСПО алаңшасы» арқылы мектебіміз жарық жүйесінің арзан көзі арқылы шығынды үнемдеп қана коймай, жаңа технологияның дамуына да мүмкіндік жасайды. Байқауға қатысуға бізге қолдау көрсеткен аудандық білім бөлімі, аудандық туризм және экология орталығына, облыстық биология және экология орталығына алғысымызды білдіреміз,-дейді, Медет Бисекенов.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале