24.07.2015, 19:14
Оқылды: 32

Экспедиция жолға шықты

3          Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ХІХ тарихи-мәдени, экологиялық, спорттық "Жайық - достық өзені" экспедициясы  сапарға шығар алдында  Жеңіс алаңына гүл шоқтарын қойды.

           Жайық өзені бойымен Батыс Қазақстан облысының аумағын қамтитын бұл маршрут Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған.        170 шақырымды құрайтын жорық  24-шілде күні Бөрлі ауданының Приуральный ауылынан басталып, 29 шілдеде Орал қаласында аяқталады деп жоспарлануда. Құрамында Батыс Қазақстан мен Орынбор облыстарының мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен жастар ұйымдары, депутаттар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері,  ғалым-жазушылар мен журналистер, барлығы  70 адам жасақталған.

Орал қаласының  әкімі А. Көлгінов жорыққа аттанушыларға ақжолтай тілеп, сапарға шығарып салды.

 www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суретті  түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале