28.10.2015, 14:46
Оқылды: 28

«ЭКСПО-2017» балалардың көзімен»  

 

ЭКСПО 17Осы тақырып шеңберінде аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығында «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты аудандық көрме-байқауы оздырылды. Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығының инновациялық дамуына ықпал жасау, жобалық, зерттеушілік, конструкторлық және өнертапқыштық іс-әрекетіндегі құзыреттілік деңгейін көтеру, осылайша дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға А.Құсайынов, Б.Жәнекешев, Жәңгір хан, Қ.Сағырбаев, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп оқушылары мен аталмыш орталық шәкірттері қатысты. Жас техниктер өз туындыларын қай аталым бойынша әкелгендігін, қандай материалдан жасалғандығын, бәрін-бәрін нақты айтып, қорғап шықты.

Арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен «Автоматика, телемеханика, радиотехника және интеллектуалдық жүйе» аталымында сағырбаевтық Ерес Бекарыс (жетекшісі Қалампыр Құнанова) ІІІ орынға ие болса, «Қуат көздерін сақтайтын технологияларда» орталық тәрбиеленушісі Нұрайна Рахатоваға (Миржан Сабиров) І, құсайыновтық Думан Әубекеровке (Аслан Әменов) ІІ, жәнекешевтік Мейрамбек Шайдоллинге ІІІ орын (Әбдірахман Құрақов) бұйырды.

«Экология және табиғатты тиімді пайдалану» аталымында орталық шәкірттерінің асығы алшысынан түсіп, Әділет Шүкірғалиев пен Жеңіс Шәріп жеңімпаз атанса, Асылым Шынболатқызы ІІ орыннан көрінді (барлығының жетекшісі Миржан Сабиров), жәнекешевтік Қасым Сәлімгереев (Әбдірахман Құрақов) ІІІ орынды қанжығасына байлады. Құсайыновтық Бекарыс Тұрарбекұлы (Аслан Әменов) болса белсене қатысқандығы үшін марапатталды.

«Ғарыштық технологиялар және телебайланыста» бегалиевалық  Әлішер Талғатұлы (Тельман Садихов) ІІІ орын місе тұтса, «Әуе ғарыштық техника, әуеде ұшу» аталымында жексенбаевтық Қолғанат Қайрауов (Әділет Сәрсенғалиев) пен жәңгірхандық Нұрлы Мендрасимова және Аружан Мырзағалиевалар (Табиғат Арынова) ІІ орынды өзара бөлісті. ІІІ орынды жәңгірхандық Дәулет Жамбылов (Талап Ғайсин) иемденді.

«Робототехника, электроника және телемеханикада» шәкірттеріміз Мерұлан Ғайниев, Бекасыл Меңдібай (Әділхан Махимов) ІІ орыннан көрінді. «Бізді таңдаңдар!» өнертапқыштық жобада жәңгірхандық Шерхан Вялых  (Табиғат Арынова) пен жәнекешевтік Лимар Рысқалиев (Абдрахман Құрақов) ІІІ орынға қол жеткізді.

Осылайша ғылымға бет бұрған шәкірттеріміз бақтарын сынап, өз жетістіктерін паш етті. Бұл көрме-байқау балалардың одан әрі қарыштап дамуына өз септігін тигізері анық.

www.zhaikpress.kz

М.САБИРОВ,

АБТШО директорының орынбасары

Бөкейордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале