11.06.2015, 18:38
Оқылды: 23

Электромонтерлардың шеберлік байқауы

71ea963b3497198b63cf734ce41fbe178-12 маусым аралығында «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның аудандық тораптарындағы электромонтерлердің шеберлік байқауы өтті.

Жылдағы дәстүр бойынша, Теректі ауданы аумағындағы «Шалқар» оқу-жаттығу полигонында болған бұл жарысқа Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Приурал, Тайпақ, Теректі, Чапаев электр тораптарының бригадалары қатысты.

DSC_0071 (1)Байқаудың ашылу салтанатында сөз алған «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қуат Мусин, Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиевтер мамандаға сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушылар жеті түрлі аталым бойынша сынға түсті. Яғни біліктілігін дәлелдеді,  жоғары кернеулі электр қуатынан зардап шеккен жанға көмек көрсетті, трансформатордың кедергісін, күштік трансформаторлардың ішкі құрылыс ақауларын анықтады. Сондай-ақ майлы ажыратқыш құрылғысында болатын ақауларды жөндеді, тұтынушыларға арналған есептеуіш қондырғыны жалғады, трансформатордағы сақтандырғышты қолдана білетіндерін дәлелдеді.

Нәтижесінде теректіліктер кәсіби шеберліктерінің жоғары екендігін дәлелдеді. Қалған жүлделі орындарды Қаратөбе мен Приурал электр тораптарының бригадалары өзара бөлісті.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале