15.06.2016, 18:13
Оқылды: 30

Электромонтерлер байқауы

ZH-350x35011   Теректі ауданының «Шалқар»  оқу-жаттығу полигонында «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ облыс энергетиктерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында аудандық  электромонтерлер бригадалары арасында жыл сайын өткізілетін  дәстүрлі байқау басталды.


   Қызметкерлер құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, электр тораптарының элементтерін жөндеу,  пайдалану жұмыстарының озық әдістері мен тәсілдерін насихаттауды мақсат еткен байқауға әсіресе жас электрик мамандар көптеп қатысуда. Дәстүрлі шеберлік байқауына бұл жолы Ақсай, Жаңақала, Зеленов, Қазталов, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау электр тораптарының бригадалары келді.

    Еліміздің экономикасын дамытуда энергетика саласының алар орны ерекше екендігін атап өткен «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ директоры Қуат Мусин сынға түскелы тұрған  электромонтерлер бригадаларына сәттілік тіледі.

     Байқауға қатысушылар теория сынақтарынан, бағана басында тұрып 10 кВ электр қуатынан зардап шеккен адамды жерге түсіріп, алғашқы медициналық көмек көрсету, 3 фазалы электр қуаты қондырғысын қосу және оны есеп схемасы бойынша тексеру  сынды жеті кезеңнен бақ сынамақ.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале