18.06.2015, 18:09
Оқылды: 24

Энергетика ардагерлері Оралға келді

Energetika ardagerleri  Маусымның 18-і күні Оралдағы Қазақ драма театры ғимаратында Қазақстан энергетика ардагерлерінің республикалық VII форумы болып өтті. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев қатысты.

Жиынды сөз сөйлеп ашқан Қазақстан энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов осындай алқалы басқосуды ұйымдастырған облыс әкімдігіне, еліміздің әр облысынан, сондай-ақ, көршілес Ресей мен Қырғызстан елдерінен келген қонақтарға шын жүректен ризашылығын білдірді.

Келесі сөз кезегін алған облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев форумға қатысушыларды иісі мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айының басталуымен құттықтап,  өңір басшысының игі тілегін жеткізді. «Аталмыш үлкен форумның Ақ Жайық өңірінде өткізілуі тегін емес. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «100 нақты қадам - Ұлт жоспарында» энергетика саласын заман талабына сай қайта жаңғырту, жетілдіру қажеттігін қадап айтты. Қуаты 160 Мвт болатын Қарашығанақ ГТЭС-і, Оралдағы жылу-электр орталығында қуаты 28,5 Мвт құрайтын жапондық газотурбиналық қондырғы, қуаты 54 Мвт болатын ГТЭС іске қосылды. Қазір «Батыс Пауэр» кәсіпорыны қуаты 200 Мвт құрайтын жаңа ГТЭС-тің құрылысын жүргізуде. Алғашқы кезеңі биыл аяқталады. Нәтижесінде импорттық электр қуатына тәуелділік деңгейі елеулі төмендеді» - деді Алмаз Бекетұлы.

Форум барысында қатысушылар өзара пікір алмасты.

www.zhaikpress.kz

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале