22.12.2015, 21:14
Оқылды: 171

Өңір басшысы энергетиктер күнімен құттықтады (ФОТО)

Jayik teplo Nogaev01   Бүгін «Жайықжылуқуат» АҚ-ның құрылғанына 55 жыл толды. Осы мерейтойға орай және энергетиктер күніне байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев кәсіпорын қызметкерлерін құттықтап келді.


         -Бүгін атаулы күн. Себебі, қазіргі техника мен технологияның дамыған заманында қуат көзінсіз өмір сүру қиын. Күнделікті өмірде кранда ашып, жылы суды, тетікті басып, жарық пайдаланамыз. Міне, мұның бәрі сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жарық пен жылуға өздеріңіздің жан жылуыңызды да қосып отырғандарыңызға сенімдімін. Осы сәтті пайдаланып, өңіріміздегі барлық энергетиктерді кәсіби мерекелерімен және «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлерін кәсіпорынның құрылғанына 55 жыл толуымен құттықтаймын. Атқарып жүрген қиын да абыройлы істеріңізге халықтың ризашылығы ортаймасын деп тілек айтамын,-деді Нұрлан Асқарұлы.

Jayik teplo Nogaev02

         Содан кейін облыс басшысы аталмыш кәсіпорынның бір топ қызметкерін өзінің алғыс хатымен марапаттады. Тағы бір топ қызметкер Орал қаласы әкімінің алғыс хатын алды.

         Өз кезегінде сөз алған «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бас директоры Мұрат Иғалиев кәсіпорынның дамуына барынша қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін облыс, қала басшылығына өз ризашылығын білдіріп, алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Jayik teplo Nogaev03

         Мерекелік шара соңы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале