20.06.2016, 17:44
Оқылды: 19

Эстафета Амангелдіде

????????????????????????????????????

   Маусымның 17-і күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мегажобасы аясында амангелділіктер Мереке ауылының делегациясын қабылдады.

  Шараның ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Дүйсенова қатысты.


   Мереке ауылдық округінің әкімі Бауыржан Айтмағамбетов бастаған делегация мүшелері, алдымен, дөңгелек үстелде амангелділіктермен басқосты. Олар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, Мереке мен Амангелді ауылының жастары футболдан жолдастық кездесу өткізіп, көрермендерге тартысты ойындар көрсетті. Аталмыш шара мерекелік өнерпаздардың Амангелді ауылының тұрғындарына ұсынған концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Концерттің соңында сахна төріне көтерілген Мереке ауылдық округінің әкімі Б.Айтмағамбетов Амангелді ауылдық округі әкімі Қазбек Жұмагереевке мегажоба эстафетасын салтанатты түрде табыс етті.

www.zhaikpress.kz
Манас Әжіғалиев
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале