4.12.2015, 12:38
Оқылды: 46

Юбилейный симментал өсіреді

Terekti simental   Етті  һәм сүтті бағытта өсіруге тиімді, жерімізге үйреніп кеткен асыл тұқымды симментал сиыры енді Теректі ауданында, нақтырақ Юбилейный ауылында өсіріледі.

«МТФ-ОП Ақжайық» ЖШС-гі көршілес Ресей Федерациясы Орынбор облысы,Ташлин ауданынан  50  асыл тұқымды сиырлар әкеліп, өсіруді қолға алуда. Теректі ауданы әкімі Жеңіс Серікқалиев пен аудан әкімі орынбасары Серік Нұрмағамбетов және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Ержан Досмақов аталмыш серіктестікке арнайы барып, асыл тұқымды ірі қараларды көзбен көрді.


 

Қазір әкелінген сиырлардан қан алу жұмыстары жүргізілуде. Серіктестік басшысы Д.Көктаубаеваның айтуынша алдағы уақытта сүт фермасын ашу жоспарда бар екен. Сонымен қатар симментал басын көбейтіп, сүт өңдейтін жаңа технологиялармен жабдықталу көзделуде. Бұл деген жаңа жұмыс  орындары да ашылады  деген сөз. Игілігі бар бастаманы көтеріп, сүтті және етті бағыттағы мал өсіру жұмысын қолға алған серіктестіктің еңбегін жоғары бағалады аудан басшысы.

www.zhaikpress.kz

Әділет Әлібекұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале