8.04.2016, 17:39
Оқылды: 18

Ізденісімен ерекшеленді

Shingirlau izdenisimen erekshelendi         «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолыңда» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаев.  Бүгінгі заман талабына сай еңбектеніп, өз жұмысының нәтижесін көріп жүрген әріптестеріміз аз емес.  Соның бірі  Шыңғырлау ауданындағы мектептің ерекше білімді қажет ететін оқушылармен жұмыстанатын мұғалім -дефектолог Назгүл Баймұханова.


      Назгүл Жаңатайқызы ауданымызда оздырылған  «Ең үздік мұғалім- дефектолог» атты байқауда І  орын жеңімпазы атанып, осы шараның  облыстық кезеңіне жолдама алды. Орал қаласында өткен байқау 2 бөлімнен тұрды.  Бірінші бөлімде портфолио мен эссе, ал екінші бөлім таныстыру, сұраққа жауап, шеберлік класс және педагогикалық жағдаяттарды шешу тұрғысында   болды. Осы кезеңдердің бәрінен Н.Баймұханова мүдірмей өтіп, 16 қатысушының ішінен  суырылып шығып, білімі мен ізденісін дәлелдеп, ІІІ орынға ие болды.

www.zhaikpress.kz

Бисұлу Жүсіпова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале