9.10.2015, 16:15
Оқылды: 56

Ілия Жақанов – Ақжайық ауданында

Akjayik iLIa jakanov   Әйгілі өнер зерттеушісі, қаламгер Ілия Жақанов Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев тұрғындарымен жүздесті.

Әдебиет әлемі алыптарының бірі Жұбан Молдағалиевтың 95 жылдығымен тұстас келген бұл дидарласуда І.Жақанов ақынмен шығармашылық байланыста болған жылдарынан, әңгімелеп, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Бұл әрине, чапаевтықтардың І.Жақановпен алғашқы кездесуі емес. Алайда әр осындай жүздесудің жөні бөлек, орны зор. Тұрғындар еліміздің еңбек тынысы, жастар тәрбиесі, әлемдің дағдарыс хақында сұрақтар қойып, онымен емен-жарқын пікірлесті.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале