7.08.2015, 16:38
Оқылды: 29

Іскер және нәзік жандылар бас қосқан жиын

  JAlpaktal isker aelder bas koskan jyin 6 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Әйелдер көшбасшылық мектебі» жобасы аясында, Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінің кіші мәжіліс залында «Әлем және әйел» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен «Қоғамдық-саяси өмірдегі гендерлік теңдік» тақырыбында жиын өтті.

Кездесу жиынына экономика ғылымдарының кандидаты, «Әлем және әйел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләззат Садықова, экономика ғылымдарының кандидаты «Әлем және әйел» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары Марина Нұғыманова, бірлестіктің әдіскері Самал Бектұрғанова, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық ішкі саясат бөлімнің басшысы Самал Жангереева және 16 ауылдық округтегі әйелдер ұйымдарының төрайымдары, іскер әйелдер қатысты. Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы облыстан келген қонақтарды таныстырып, кездесуді жүргізіп отырды.

Сонымен қатар жиында әйелдерді жұмыспен қамту, әйел кәсіпкерлігіне қолдау көрсету, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбаслық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мәселелерін шешу ісіндегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы қоғамдық-саяси өмірдегі гендерлік теңдік, отбасы құндылықтарын насихаттап, ұлттық қолөнерімізді дамыту, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру керектігіне тоқталып, жиынды қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале