7.10.2015, 10:04
Оқылды: 24

Ісмерлігімен елді қуантқан

Kaztalovka tiginshi apai   Айман апа алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Қазталов  аудандық тігін цехында бастап,  Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінде жалғастырады. Еңбекке жарамсыздығына байланысты ұстаздық қызметтен қол үзсе де, үйде отырып қолөнермен айналысып, ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында мектеп, балабақшаларға қазақы киім-кешектен қолдау көрсетіп келеді.

Көздің майын тамызып жасаған еңбектің  арқасында зор жетістіктерге қол жеткізуде. Соның нәтижесінде  аудандық  Мейірбандық күндері айлығына арналған «Жүрек нұры», «Ақ көгершін» қолөнер көрмелеріне қатысып, алғыс хаттармен марапатталды. Кейіпкеріміздің қолынан шыққан әр бұйым қазақи нақышта жасалынып, бірқатар көрмелердің сәніне айналуда. Әлбетте, көздің жауын алатын бұйымдардың қайдан келгенін, кім жасап жатқанын ешкім біле қоймайды. Мәселен, аудандық жастар демалыс орталығында ұлттық нақышта жабдықталған бөлмеге Айман апайдың біраз еңбегі сінген.

www.zhaikpress.kz

Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале