30.07.2015, 18:59
Оқылды: 14

Ісмер Гүлзада

Bokei 000001 Гүлзада Нұрмұхамедова Оралдағы екінші кәсіптік лицейден тігінші, пішуші мамандығын бақандай төрт жыл оқып, жұмысын отбасы мен көрші-көлемнің киім-кешектерін қысқартып беруден бастаған. Кейіннен сүйікті ісіне қолы үйреніп, киім тігіп, оларды тапсырыс берушінің талғамына сай әсемдеп, осы салада өзін-өзі біршама шыңдаған.

Ісмердің әңгімесіне қарағанда, бастапқыда бұл кәсіпке оны тіршілік қамы итермелеген көрінеді. Ал, соңынан мұның қыр-сырын толық ұғынып, шынайы қызығушылығы оянған. Бүгінде Гүлзада Хамитқызы Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенінде мамандығына сай жұмыс істеуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале