21.12.2015, 11:57
Оқылды: 23

Ісімен үлгі азамат

Janibek isimen sportshi akim   Жәнібек ауданы әкімі Мұрат Мұқаевтың бұқаралық спортты жандандыруда әркез жерлестеріне  үлгі көрсетіп,  күш пен ептіліктің, сұлулық пен денсаулықтың символы  іспеттес  спорттың  үстел теннисінен үздік  жетістіктерге жетіп жүргеніне  куәміз.


   Мұрат Рахметұлының таяуда Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында оздырылған республикалық спартакиада да  үстел теннисінен  облыс намысын қорғап, командаластарымен  облыс тарихында  алғашқы рет  қола жүлдені қоржынға салғанынан хабардар болатынбыз.

 Міне, тағы бір ақжолтай хабарды жерлестерге жеткізбекпіз. Күні кеше Орал қаласындағы Салтанат сарайы мейрамханасында  облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен  «Спортшылар балы –  2015» өткен болатын.  Жыл қорытындысына сәйкес үздік деп танылған спортшылар түрлі  аталымдар бойынша  марапатталды.

2015 жылдың  үздік «Спортшы – мемлекеттік  қызметші»  атағына   аудан әкімі,   мемлекеттік қызметшілер арасында  үстел теннисінен  екі дүркін облыс чемпионы, волейболдан  екі дүркін  облыстың қола жүлдегері  Мұрат Мұқаев  ие болды.

 www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале