21.07.2016, 12:12
Оқылды: 27

Іс-шаралар жоспары бекітілді

nurOtan         "Нұр Отан"партиясы БҚО филиалы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту шарасы ұйымдастырылды.


Іс-шаралар жоспарына "Қазақстан-2050" стратегиясын тиімді жүзеге асыру, Президентіміз ұсынған "100 нақты қадам" Ұлт жоспары мен "Нұрлы жол" бағдарламасын ілгерілету, сараптамалық және пікір алмасу алаңдарын ұйымдастыру, "Достық үйі" мен "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдаулары негізгіндегі әріптестіктік-әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Аталмыш шараға "Нұр Отан" партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы, этно- мәдени бірлестіктердің жетекшілері, "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қатысты.

Шара соңында бірлескен іс-шаралар жоспарын жоспарына екі жақты қол қойды.

Нұрбек Оразаев
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале