11.04.2016, 18:19
Оқылды: 50

«Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында интернет-конференция өтеді.

 sibailas jemkorlik     15 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00 мен 13.00 аралығында Батыс Қазақстан облысы ІІД кіші порталында /http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO/ «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында интернет-конференция өтеді. БҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Берік Мұхатбетқалиұлы Утеулин және БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция майоры Жасталап Батихұлы Сағадетов азаматтардың ішкі істер органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көпшіліктің сұрақтарына жауап береді.


         Егер сұрағыңыз болса Сізге алдымен  кіші порталға тіркеле отырып, «Тіркелу» сөзін басып (кіші порталдың оң жақ бұрышында орналасқан), берілген тиісті нысандағы сауалнаманы толтыру қажет. Тіркелгеннен кейін «Мультимедиа» бөліміне кіріп, «Конференция» бөлімін таңдау арқылы аталған конференцияға қатысты сауалыңызды қалдыра аласыз.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале