19.05.2016, 16:24
Оқылды: 23

Ғабдолла Тоқайдың 130 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар өтуде

Tokay   Татар халкының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың 130 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар легі ақын атындағы алаңға гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етуден бастау алды.


   Содан соң, қаламыздағы Достық үйінде жалғасып "Татар халкының ұлы ақыны Ғ. Токайдын өмірі мен шығармашылығындағы Орал каласының орны" тақырыбында ақынның 130жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов қатысты.

   Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына Татарстан Республикасынан және Астана каласынан келген қонақтар Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

   Шараға қатысушылар түркі халықтарының мәдени мұрасының дамуына өз үлесін қосқанын атап өтіп, ұлы ақын Ғ.Тоқайдың шығармаларын еске алды.

  Түстен кейін А.Н.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында театрландырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

    Ертең ғылыми-практикалық конференцияға ұласпақ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале