27.06.2016, 15:21
Оқылды: 40

Ғазиз Хаймулдиннің «Өмір естелігі»

omir esteligiАқжайық ауданынан Тайпақ ауылында еңбек ардагері Ғазиз Хаймулдиннің «Өмір естелігі» атты кітабының тұсаукесері өтті.


Өткен уақытта оның Тайпақ ауданы тынысы туралы «Жарқын белестер», облысымыздың белгілі тұлғалары туралы «Алаштың ардақты азаматтары», өңірімізден шыққан Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері туралы «Ақжайықтың ақберендері» атты кітаптары жарық көрді. Енді міне, «Өмір естелігі» оқырмандармен қауышты. Мұнда автордың өткен еңбек жолында қоян-қолтық бірге жүрген, халыққа сыйлы, әріптес, жұмыстас болған жандар туралы естеліктері, кезінде баспасөзде жарияланған мақалалар, өткен ғасырдағы аудан ауылдарының тірлігі баяндалған жарияланымдар кеңінен қамтылған.

Ақын Мәлік Берді Әлі жүргізген тұсаукесерде авторды оның ауылдастары, тұстастары құттықтады, көркемөнерпаздар өнер көрсетті

www.zhaikpress.kz
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале