6.10.2015, 9:02
Оқылды: 24

Ғалымдарымыздың жұмысы үздік отандық жоба қатарында

SHI galimdardin jymisi yzdik katarinda Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында «Қазақстан сапа және инновациялық менеджмент ұйымы» ҚҚ ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Инновациялар, сапа және тиімділік» атты халықаралық конференция өткен болатын. Осы конференцияның шеңберінде жыл сайын өткізілетін «Жылдың сапалы инновациялары» халықаралық конкурсының ұлттық іріктеу туры болып саналатын «Сапалы инновациялар 2015» конкурсы қорытындыланды.      

Аталған сайыста университетіміздің инжиниринг және ресурстарды үнемдеу ғылыми зерттеу институтының директоры, т.ғ.д. Монтаев Сәрсенбек пен машина жасау факультетінің деканы, т.ғ.к.  Шакешев Бекболат бірлесе дайындаған «Құрылыс пен суды тазартуға арналған жасанды шағыл тас» атты жұмысы үздік 5отандық  жоба қатарына еніп, финалға жолдама алды.

Жобаны іріктеудің басты өлшемі болып инновацияның бағалылығы мен өзектілігі, оның тиімділігі, пайдалану ыңғайлылығы, тұтынушы мен қоғамға бағдарлылығы басты назарға қойылған.

Ал халықаралық конкурс Эстония елінің Таллин қаласында өтпек. Атап өту керек, «Жылдың сапалы инновациялары» халықаралық конкурсына жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен инновация саласының үздік мамандары мен сарапшылары қатысады.

www.zhaikpress.kz 

Айнұр Базарова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале