18.09.2015, 20:08
Оқылды: 17

Ғимарат күрделі жөнделуде

Terekti gimagat kyrdeli jondelude  Теректі ауданы Ақжайық селосында салынғалы жөндеуші қолы тимеген ғимараттардың бірі -  вет лаборатория. Сондықтан, ғимараттың тозығы жетіп тұрған еді.

Міне, енді осы ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу ісі қыркүйек айында қолға алынып отыр. Жұмысты астаналық  «Қазмедприбор» компаниясына қарасты құрылыс бригадасы атқаруда.

Күрделі жөндеуді бригададағы төрт жігіт осы күнгі құрылыс сәулетте уәдісімен жүргізіп жатыр.

Жөндеу басталғаннан бергі 7-8 күнде біраз іс тындырылғаны көрініп тұр. Ішкі беттің біржақ бөлігін сылақтау аяқталуға жақын.

www.zhaikpress.kz

М.МЕРҒАЛИҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале