26.08.2015, 16:20
Оқылды: 17

Ғұмар мұрасы насихатталса...

жанибек корӨлкемізде ғұлама ғалым, журналист, ақын Ғұмар Қараш атындағы қор 2006 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қордың төрайымы Мархаба Нарынованың Орал қаласына қызмет бабымен ауысуына байланысты аталмыш қор мүшелерінің қатысуымен жаңадан төрағасын сайлау, жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Ғ.Қараш атындағы қоғамдық қордың төрағасы болып Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі, үнемі тарихи-тағылымды, зерттеу мақалаларын жазып жүрген ұстаз Жасқайрат Каргин тағайындалды.

Жиынға қатысушылар қордың жұмысын жаңарту мақсатында пікірлерін ортаға салды. Қор мүшесі Ахмедияр Қуанұлы өз сөзінде: «Алдағы уақытта қор құжаттарын  сақтау мақсатында істер номенклатурасын жасау, «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасына арнайы тапсырыс беру арқылы ақынның портреті бейнеленген, өмірінен дерек келтірілген дәптерлер шығарып, аудан білім ордаларындағы аз қамтылған оқушыларға тарату, «Жайық  Пресс» ЖШС  бас директоры Ж.Сафуллиннің бастамасымен түсірілген Ғұмар Қараш туралы фильмді ауданның барлық білім ордаларына көрсету, ақын өмірі мен шығармашылығын жеткіншек ұрпақ арасында насихаттау, шығармалар байқауын өткізу сынды жұмыстар атқаруымыз керек», - деді.

Содан соң сөз алған Шынтемір Рамазанов Ғ.Қараш мұрасын ардақтау және оны жас ұрпақ бойына сіңіруде ғылыми-тәжірибелік конференция, әдеби кештер өткізу, ойшыл мұрасы және ол туралы естеліктерді жинау, кітапхана жанындағы мұражайдан арнайы бөлме жасақтау, аудандық «Шұғыла» газетінде  қоғамдық қордың жұмыстарын жариялау, ақын оқуларын ұйымдастыру қажеттігін атап айтты.

Қор төрағасы Жасқайрат Наурызұлы алдағы уақытта талқыланған мәселелердің жүзеге асырылуына бір кісідей атсалысуға шақырды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале