2.07.2015, 17:21
Оқылды: 29

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында «Көнеден қалған ұлы саз» атты облыстық фестиваль басталды

Filarmonia01   Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында «Көнеден қалған ұлы саз» атты көне заманғы әндер мен күйлерді орындаушылардың облыстық фестивалі басталды.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен аталмыш филармонияның ұжымы ұйымдастырған шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Фестивальге қатысушы өнерпаздар домбыра, қобыз, сазсырнай, шертер секілді ұлттық музыкалық аспаптармен өнер көрсетуде. Түске дейін өнер додасының бірінші, яғни іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Түстен кейін екінші кезең, гала концерт және марапаттау рәсімі оздырылмақ.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале