5.10.2015, 14:32
Оқылды: 23

Ғ. Құрманғалиев көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан жүкті келіншек қаза тапты

DTP  Кеше Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы көшеде жол-көлік оқиғасы орын алды. БҚО ІІД Орал қалалық ІІД әкімшілік полициясының басқару бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Динара Абдулкаликованың айтуынша, П. есімді азамат LIFAN автокөлігімен аталған көшеде жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан 1988 жылғы А. есімді қала тұрғынын қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытады.

Оқиға салдарынан А. есімді жүкті әйел оқиға орнында көз жұмды.

Ал, П. есімді жүргізуші ұсталып, оған медициналық тексеріс жүргізгенде орта дәрежелі мас екені анықталды. Қазір ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz 

Әділғазы КЕРЕЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале