10.06.2015, 15:30
Оқылды: 46

Қадыр ақынның анасының зираты жөнге келтірілді

IMG_0705Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылының маңындағы үлкен қауымда белгілі ақын Қадыр Мырза Әлидің анасы Мағраш Оразғалиқызының (1914-1997) зираты бар. Қоғамның зиялы өкілдері тарапынан осы зираттың құрылысын жөнге келтіру жөнінде ұсыныстар айтылып жүрді.

Ауданның азаматы, кәсіпкер Құсайын Бахтияров жуырда Мағраш анамыздың бейітін жаңадан көтеріп, иманды іс жасады. Осы арқылы тасы сөгілген қорғанның қабырғасы қайта кірпішпен қапталып, ескерткіш тақта жаңартылды.

Құсайын Бақтияров осыған дейін де елге игілігі тиген талай қайырымды істің ұйытқысы болып жүр.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале