28.06.2015, 0:59
Оқылды: 29

Қадыр ақынның орталығында Ақ Жайықтан түлеп ұшқан басқа да өнер қайраткерлері туралы мағлұмат беретін бұрыштар бар

Byrish kadir     Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы салтанатпен ашылғаннан кейін Қытайдан, Италиядан алынған замауани жабдықтармен жасақталған 150 орындық концерт залында мәртебелі меймандар тарту-таралғыларын ұсынды. Соның ішінде белгілі кәсіпкер, ақын қорын құрушылардың бірі Құндыз Нұпов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан автокөлік кілттерін табыс етті. Өнер орталығын салған мердігер «Болашақ-Т» компаниясы да құр қол келген жоқ.

Баспасөз мәслихатында сөз алған облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жаңа орталықта ақынның кітапханасы, музейімен қатар Ақ Жайықтан түлеп ұшқан басқа да қаламгерлер, өнер қайраткерлері туралы мағлұмат беретін бұрыштар бар. Қазақстан Жазушылар, Композиторлар және Суретшілер одақтарының өңірлік филиалдары осында орын теппек. Мұнда түрлі әдеби, мәдени шараларды жоғары дәрежеде өткізуге толық мүмкіндік жасалған. Ендеше, Қадыр орталығы Батыс Қазақстанның мәдени Меккесіне айналсын деп тілейік.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале