3.12.2015, 19:17
Оқылды: 29

Қадыр Мырза Әлі мәдениет және өнер орталығында «Алматы палитрасы» атты көрме ашылды (ФОТО)

Korme01   Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі мәдениет және өнер орталығында  суретші Гүлжанат Қабижанованың «Алматы палитрасы» атты көрмесі ашылды.


 

Korme02

 

Аталмыш шараның ашылуында облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Медхат Қамбетов сөз сөйлеп Гүлжанат Қабижановаға Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарма басшысының құттықтау хатын табыстады. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Гүлжанат Кәкейқызының киізден жасаған шығармашылық жұмыстары алыстан көз тартып, ерекшеленіп тұрды. Көрмеге келушілер мойыншұлықтар мен кимешектер немесе  Керуен - күн секілді туындыларын тамашалап жатты.

 

Korme03

- Киізден жасау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Мен оны қазіргі заманға сай қылып жасағым келді. Сондай мақсатпен осы өнерімді дамытудамын. Суретшілердің көбісі өнердің бұл түріне көп жолай бермейді. Менің қызығушылығым он жыл бұрын пайда болып, содан бері күнде тынымсыз жұмыстанып келемін. Негізінен киізден бұйым жасау өте төзімділікті, ұқыптылықты талап ететін өнердің бір түрі. Шығармашылық жұмыстарымды келіп тамашалап жатырған оралдықтарға ризашылығым шексіз,- дейді Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Гүлжанат Қабижанова.

Көрмені тамашалауға жоғарғы оқу орнының оқытушылары мен студенттері келді. Көрменің есігі желтоқсан айының соңына дейін ашық болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале