16.05.2016, 18:19
Оқылды: 50

Қадыр Мырза Әлі орталығында "Тəуелсіздікке тарту" атты Жаңақала ауданының қолөнершілері мен суретшілері көрмесі өтті

Janakala suretshiler kormesi     Бүгін Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тəуелсіздікке тарту" атты Жаңақала ауданының қолөнершілері мен суретшілері көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ашылу салтанатына аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудан әкімінің орынбасары А.Шүкірғалиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Б.Қарағойшин, ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.


    Көрмеге аудандық білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығы жанындағы үйірме мүшелерінің қолөнер бұйымдары, белгілі зергер Досқали Мұратовтың зергерлік бұйымдары мен қатар Жаңақала мектеп гимназиясының мұғалімі Г.Бесбаеваның қолөнер туындылары, тағы басқалары қойылған. Көрме 1 айға жалғасады. Ендеше жаңақалалық кереметті көргіңіз келсе, қапы қалмаңыз.

 www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале