17.02.2016, 12:51
Оқылды: 164

Қадыр орталығында - жаңа басшы

Бауыржан Халиолла 1Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығының басшысы қызметіне осыған дейін Батыс Қазақстан облыстық Жастар шығармашылығы орталығының директоры қызметін атқарып келген, елімізге танымал ақын, азулы айтыскер Бауыржан ХАЛИОЛЛА тағайындалды.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов мәлімдеді.


Орталықтың бұған дейінгі басшысы, әнші сазгер Донеділ Қажымов зейнет жасына жетуіне байланысты қызметінен босады.

Бауыржан Ергенұлы Халиолла 1979 жылы 24 қарашада Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.
«Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001 жыл), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал қаласы, 2005 жыл), «Жұлдыз жауған жарық түн» (2012 жыл, Орал) атты жыр жинақтары жарық көрді. Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

www.zhaikpress.kz

 


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале